Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +25°
$
471.46
504.79
¥
64.92
5.53
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Самар ауылындағы үйлерге таза ауыз су беріле бастайды

Қазір аэропорт маңындағы тұрғын үйлердің қасындағы құдықтарға су берілген

Усть-Каменогорск и ВКО / Самар ауылындағы үйлерге таза ауыз су беріле бастайды
Фото:
instagram/samar_news16

Тұрғындар өз үйлеріне дейін құбыр жүргізіп алуы керек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Аэропорт аумағындағы үйлер маусым айының 15 дейін жаңа су құбырына қосылуы керек. Себебі одан кейін ескі су құбыры жұмысын тоқтатады. Аудан әкімдігінің өкілдері үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстатрын жүргізуде.

Алты жылға созылып, елдің игілігіне жарап жатқан ауызсу әрбір көше бойынша ретімен беріледі. Ол үшін үй иелері өз үйлерінің аумағына дейін тартылған су құбырын үйлеріне өздері кіргізуі керек.

Қазір аэропорт аумағындағы үйлердің қасындағы құбырларға су жіберілді. Барлық үйде бар. Маусым айының 15-не дейін осы аумақтың тұрғындары жаңа су құбырын үйлеріне өз күштерімен кіргізіп алуы керек. Ескісін тоқтатамыз. Ал қыркүйек айының аяғына дейін бүкіл ауыл сумен қамтылады, – дейді Самар ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Алтайұлы.

Следующая →