Өскеменде республикалық веложарыс басталды
Бүгін "Алтын Алтай" велосипед спорты бойынша республикалық жарыстардың салтанатты ашылуы өтті
Жарыстарға Өскемен және Риддер қалаларының спортшылары қатысуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
BMX-Classic жарыс түрі бойыша "Алтын Алтай" велосипед спортына жүзге тарта адам қатысып жатыр. Жарыстар "Самал" паркіндегі BMX трек жолында 19 жастан асқан ерлер мен әйелдер, 17-18 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жасөспірімдер, 15-16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар; 13-14 жас және одан кіші жастағылар арасында өтуде.
Біз бірінші рет BMX-Classic республикалық жарыстарын өткізіп отырмыз. Шығыс Қазақстанда велоспорттың болашағы зор деп ойлаймын. Біз өз чемпиондарымызды тәрбиелеп шығарамыз, - деді ШҚО Велоспорты федереациясының президенті Елена Нитяжук.
Сайыс қортытындысы ертең белгілі болады.