Өскемен
ясно
+26°
  • Өскемен
    +26°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +26°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +18°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +27°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +30°
$
471.46
504.79
¥
64.92
5.53
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменнің көрікті жерлері бейнеленген цифрлық бояғыш альбом әзірленді

Бұл альбомды ШҚУ-дың "Ақпараттық технологиялар" мамандығында оқитын әуесқой суретші – Аружан Ражапова жасады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменнің көрікті жерлері бейнеленген цифрлық бояғыш альбом әзірленді
Фото:
С. Аманжолов ат. ШҚУ

QR-код арқылы қолданылатын цифрлық бояғыш альбомға қаладағы Спорт сарайы, облыстық драма театры, Достық үйі сияқты белгілі жерлер енгізілген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Аружан Ражапов компьютерлік графиканың көмегімен бүлдіршіндерді қала сәулетімен таныстыруды мақсат еткен. Ең қызығы оларды электронды нұсқада ғана емес, қағаз түрінде де бояуға болады.

Суретті бояу ұсақ моториканы дамытуға сеп. Білек буындарын икемді етеді, соның арқасында жазуда қиындық болмайды. Оған қоса баланың сөйлеуіне де көп пайдасын тигізеді. Осы тақырыпты толық зерттеп болған соң, дәстүрлі қағаз бояғыштан бөлек, цифрлық нұсқасын жасауды шештім. Өйткені бір жағынан қазіргі балалардың сұранысы да сонда жатыр, - дейді жас өнертапқыш.

imgonline-com-ua-Resize-BioFj3Oo7PYBVy2T.jpg

Бояғыштағы әр ғимарат бейнесіне оның орналасқан мекенжайы, қысқаша тарихы, анықтамасы жазылған. Мысалы, қолданушы бояу арқылы Абайдың қара сөздерін оқып, ғалым Сәрсена Аманжоловтың өмір жолы жайлы біле алады немесе "Дос-Мұқасан" тобының әйгілі "Той жыры" әнін жаттап ала алады.

Бояғыш альбомды алғаш болып "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушілері көріп, өз бағаларын берді. Олардың айтуынша, таныс ғимараттарды мұндай форматта көру, бояу өте қызық.

imgonline-com-ua-Resize-zhUjBlZeYx.jpg

Айта кетейік, бірегей жоба мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріне енгізілуі мүмкін. Бояғыш альбомды кез келген графикалық редакторда қолдануға болады, ал дайын суретті кез-келген форматта сақтауға мүмкіндік бар. Танымды шығармашылықпен QR-код арқылы айналысуға болады немесе https://aruzhan.choices.kz/. сілтемесі арқылы пайдаланады.

imgonline-com-ua-Resize-YmEX2CzM6c1v.jpg

Следующая →