Өскемен
ясно
+26°
  • Өскемен
    +26°
  • Алматы
    +30°
  • Астана
    +30°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +30°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +27°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +31°
  • Петропавловск
    +26°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +31°
$
471.46
+5.94
504.79
+6.59
¥
64.92
+0.87
5.53
+0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі аулалар тұрғындардың қалауы бойынша абаттандырылады

Биыл облыс орталығында "Халық қатысатын бюджет" жобасы бойынша 30 аула абаттандырылады, 2 футбол алаңы салынады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі аулалар тұрғындардың қалауы бойынша абаттандырылады
Фото:
Устинка LIVE

Қазір Протозанов көшесіндегі 19, 21, 23-ші үйлердің ортақ ауласында жұмыстар басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен Өскемен қаласында "Халық қатысатын бюджет" жобасы іске қосылған. Яғни, тұрғындардың қаланы абаттандыруда жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуға мүмкіндігі бар. Осы орайда аумақты көгалдандыру, тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, бордюрларды, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату, балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру ескерілген.

Протозанов көшесіндегі 19, 21, 23-ші үйлердің тұрғындары бағдарламаға қатысуға үш жыл қатарынан өтініш білдірген. Биыл ақыры өтініштері қабылданып, мердігер компания жұмысты бастап кеткен. Осы орайда айта кеткен жөн, аулаларды абаттандыру барысында тұрғындардың өтініш-қалаулары толықтай ескерілуде.

imgonline-com-ua-Resize-njjKpxVfeu2i1aS.jpg

Бұл аулада енді жаңа балалар ойын алаңы, ересектерге арналған демалыс аймағы, кең көлік тұрағы пайда болады.

1967 жылы іргетасы қаланған бұл үйде тұрып жатқаныма 57 жыл болды. Бұндай жұмыстар бұрын-соңды жасалмаған. Мердігер ұйым жұмысшыларына алғыс білдіреміз, таңғы 8.00-ден қас қарайғанша тоқтаусыз жұмыс жүріп жатыр. Үй тұрғындары өте белсенді әрі ауызбіршілігіміз мықты. Сенбіліктерге де бір кісідей шығып тұрамыз, - дейді тұрғындардың бірі Үміт Жаңабаева.

Ал Назарбаев, 6 мекенжайында орналасқан үйдің тұрғындары осы бағдарлама бойынша футбол алаңын салын беруге өтініш білдірген. Өтініштері орындалып, жұмыстар жүріп жатыр.

Қазір абаттандыру жұмыстары Славский даңғылы, 18; Жастар көшесі, 37/2; Энтузиастар көшесі, 17 мен 17/1 үйлердің ауласы; Өтепов көшесі, 5, 7, 9; Виноградов көшесі, 20, 22; Михаэлис көшесі, 12, 14; Шәкәрім көшесі, 143-147; Потанин көшесі, 15; Нұрмағамбетов көшесі, 53, 55; Қабанбай батыр, 122 және Егоров көшесі, 31 үйлердің аулаларында да жүріп жатыр.

Биыл қаланы абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Биыл Қазақстан көшесін абаттандыру, Потанин мен Қашаубаев көшелерін жалғастыратын аллеяны жөндеу, орталық универсам алдында жаңа сквер салу, 30 ауланы абаттандыру, Защита ауданындағы стадионды жөндеу, сондай-ақ биыл талай жылдар бойы жөндеусіз тұрған саябақ-скверлерді жөндеу (Өскемен аллеясы, Комендатка өзені бойындағы демалыс орны, "Нұрлы жол" саябағы, Протозанов көшесі бойындағы Үлбі жағалауы) жұмыстары жоспарланған. Қазір 10 жоба бойынша жұмыстар басталып кетті. Жұмыстар қала күніне орай аяқталады деген сенімдеміз, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

imgonline-com-ua-Resize-AGSWqWjK6222Ar.jpg

Осы орайда айта кетейік, Потанин көшесіндегі Астана мен Қашаубаев көшелерін байланыстыратын жаяу жүргіншілерге арналған жол талай жылдар бойы жөндеу көрмеген. Жарық бағаналары мен жаяужол тақталары тозып кеткен.

imgonline-com-ua-Resize-fz9yWlwuIrEN.jpg

Бұл аймақ енді әдемі аллеяға айналады. Бір апта бұрын жөндеуді бастаған "Desing Pro" ЖШС жұмыстарды қыркүйек айына дейін аяқтауы керек.

imgonline-com-ua-Resize-IGCyjgmLNcK.jpg

Следующая →