Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен гарнизонында жазғы оқу кезеңі басталды

"Шығыс" өңірлік әскерлері қолбасшылығына қарасты №27943 әскери бөлімінде тактикалық-саптық сабақтар өтіп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен гарнизонында жазғы оқу кезеңі басталды
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Бекітілген жоспарға сәйкес, ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрылымдарында жазғы оқу жылында жауынгерлік әзірлікке келтіру кезінде жеке құрамның іс-қимыл дағдыларын жетілдіруге бағытталған кешенді тактикалық-саптық сабақтар басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Шығыс" өңірлік әскерлері қолбасшылығына қарасты №27943 әскери бөлімінде жазғы оқу кезеңінде қауіпсіздік шараларын жеткізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар, әскери қызметшілер үшін штаттық қару мен әскери техниканы бекіту жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ кешенді тактикалық-саптық сабақтар өткізіледі.

Бұл сабақтардың мақсаты - әскери бөлімнің жауынгерлік дайындығын тексеру және әскери қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді іс жүзінде орындау қабілетін бағалау. Жауынгерлік аптасы бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезекте жеке құрам "Дабыл" командасы бойынша көтеріліп, белгіленген аймаққа шығады."Дабыл" командасына жедел әрекет ету дағдылары пысықталды. Бұл нақты жауынгерлік жағдайында аса маңызды болып табылады, - деп атап өтті №27943 әскери бөлім командирі полковник Азамат Абикенов.

Сабақ барысында жеке құрамның дайындық деңгейі көтерілді, бөлімшелер мен бөлімдердің жауынгерлік дайындығы, соның ішінде техниканың белгіленген аудандарға шығуы және барлық әскери қызметшілердің практикалық іс-қимылдарды орындалды. Мұндай сабақтар дайындықтың маңызды элементі болып табылады. Бұл жеке құрамға кез келген жағдайға дайын болуға және жауынгерлік тапсырмаларды сенімді орындауға мүмкіндік береді.

Кешенді жаттығулар әскери қызметшілердің кез келген жағдайда міндеттерді орындауға дайындығын қамтамасыз ете отырып, олардың жауынгерлік әзірлігі мен кәсібилігінің жоғары деңгейін қолдауда шешуші рөл атқарады.

Следующая →