Өскемендегі бірнеше көшеде суық су болмайды
Сол үшін алдын ала су қорын дайындап алу қажет
Халықты суық сумен қамтамасыз ету үшін бұл ауданында су тасымалдауға арналған арнайы техника кезекші болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Өскемен Водоканал" МКК ақпараты бойынша, 2024-2025 жылдарға жылыту кезеңіне дайындық бойынша іс-шараларды орындау аясында "Пионер" бастоғанының аумағында бекіту арматурасын ауыстыру бойынша жұмыстар жоспарланған.
Жұмыстарды жүргізу үшін 5 маусым сағат 23.00-ден 6 маусым сағат 06.00-ге дейін келесі мекенжайларда суық су өшіріледі:
- Әуезов даңғылы,
- Жеңіс даңғылы,
- Қ. Қайсенов көшесі,
- Крылов көшесі,
- Тоқтаров көшесі,
- Қ. Либнехт көшесі,
- Лихарев көшесі,
- Славский атындағы жағалау,
- М. Горький көшесі,
- Бейбітшілік көшесі,
- А. Чехов көшесі,
- Қазақстан көшесі,
- Қабанбай батыр көшесі,
- Новаторов көшесі,
- С.Нұрмағамбетов көшесі,
- Л. Толстой көшесі,
- Протозанов көшесі,
- Пермитин көшесі,
- Буров көшесі,
- Мызы көшесі,
- Красин к.,
- Шмелев Лог к.
"Өскемен Водоканал" МКК келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және жұмыстарды орындау уақытында суық сумен қорын алдын ала дайындап алуды сұрайды.
Халықты суық сумен қамтамасыз ету үшін бұл аудандарда су тасымалдауға арналған арнайы техника кезекші болады. Су тасымалдауға өтінімдер тәулік бойы келесі телефон бойынша қабылданады:531661, +7 7052067916.