Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +24°
$
481.84
-1.02
531.33
-1.84
¥
68.66
-0.15
5.07
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жер сілкінісі болса, қалай әрекет ету керектігі пысықталды

"Жер-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының бірінші күні қарқынды өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жер сілкінісі болса, қалай әрекет ету керектігі пысықталды
Фото:
ШҚО ТЖД

Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Шығыс Қазақстан облысының орталығы - Өскемен қаласында орналасқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жаттығудың бірінші күні жер сілкінісі қаупі туындаған кездегі бірінші кезекте жүргізілетін шаралар пысықталды.

Облыста шартты жер сілкінісі болды. ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы ұшып өтіп, табиғи апаттың салдарын, қираған ғимараттардың санын тіркеді.

Құтқару қызметтерінің бірлескен іс-қимылдарын пысықтау және үйлестіру үшін республикалық далалық штаб орнатылды. Ұйымдастырылған далалық штабта шартты жойқын жер сілкінісі салдарынан болуы мүмкін жағдай, төтенше жағдайдың салдарын жоюға күштер мен құралдардың дайындығы туралы жедел топ басшыларының баяндамалары тыңдалды. Баяндамашылар өз қызметінің бағыттары бойынша қабылданған шешімдер мен өткізілген іс-шаралар туралы хабардар етті.

Облыс тұрғындары сиреналардың дабылын естіп, үйлерін тастап, барлық қалалар мен аудандарда жұмыс істей бастаған эвакуациялық пунктерге жиналды. Белгіленгеннен және қажетті көмек алғаннан кейін олар жаяу колонналармен, автомобиль және су көлігімен лагерьге қарай беттеді.

Шатырлы лагерде тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық аймақтар, медициналық пункт, тамақтану блогы, автокөлік тұрағы қарастырылған. Тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін лагерьде полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Апаттар медицинасы орталығының мамандары далалық аурухананы орналастырды. ТЖМ психологтары мен дәрігерлері халыққа шұғыл көмек көрсетті.

ТЖ вице-министрі Ерлан Нұрпейісов далалық ХҚКО шатырлы лагерінің, гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің жұмыс істеуінің техникалық мүмкіндіктерін қарап шықты.

Сейсмикалық қауіпті өңірлердің тұрғындарымен сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Зардап шеккен халықты қабылдау пунктері орнатылды. Апат аймақтарына өңірлерден күштер мен құралдарды ұсынуды ұйымдастырылды. Қираған жерлерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін темір жол көлігімен келген инженерлік техника түсірілді.

Следующая →