Кеше екі боксшымыз Париж Олимпиадасына жолдамаға ие болды
Қыздар арасынан Назым Қызайбай мен ерлер арасынан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жолдама алды
Үшінші раундта Назым Қызайбай қарсыласын нокдаунға түсірді, хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осылайша 50 келіде жұдырықтасқан былғары қолғап шебері төрт қарсыласын да жеңіп, Париждегі Олимпиадаға жолдама алды.
Бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан шешуші лицензиялық жарыста 2 дүркін Әлем чемпионы, 50 келідегі Назым Қызайбай Солтүстік Кореяның жас спортшысы Канг Су Хуангты 5:0 есебімен жеңді.
Жарыс жолында словакиялық Николь Дурикова, кореялық Жухуюнг Жанг, ұлыбританиялық Саванна Стабли, Солтүстік Кореяның спортшысы Канг Су Хуангпен кездесті.
Сондай-ақ 21 жастағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасына барады.
Іріктеу кезеңінде 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шешуші айқаста Молдова өкілі Александр Параскивтен 5:0 есебімен басым түсті.