Өскеменде Балалар күніне орай донорлық акция өтеді
31 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Донорлар – балаларға" атты ұранмен донорлық акция өтеді
Акцияға 18 жастан асқан кез келген адам ерікті түрде қатыса алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осылайша сіз өңірдегі ауыр сырқаттары бар балаларды қан компоненттерімен қамтамасыз етуге атсалыса аласыз.
Естеріңізге сала кетейік, 2 айлық аралықта әйел адамдар жылына 4 рет және ер адамдар жылына 6 рет қан тапсыра алады, сондай-ақ мұны 18 жастан асқан әрбір сау адам жасай алады.
Мекенжайы: "Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы" ШЖҚ КМК, ЖМК, Көкжал Барақ көшесі, 11.
Өзіңізбен бірге жеке бас куәлігіңіз болуы керек.