Өскемен
ясно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +18°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +22°
$
477.45
-1.44
527.1
-1.64
¥
67.07
-0.22
5.24
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО құтқарушылары халыққа жер сілкінісі кезінде әрекет етуді үйретеді

Еліміздің шығысында "Жер-2024" ауқымды республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО құтқарушылары халыққа жер сілкінісі кезінде әрекет етуді үйретеді
Фото:
ШҚО ТЖД

Бүкіл елде бір сценарий бойынша жойқын зілзала бола қалған жағдайда не істеу керектігі бастан-аяқ көрсетіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

2024 жылғы 3-4 маусымында Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар, өңірдің және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғау қызметтері шартты түрде зардап шеккен халыққа жойқын жер сілкінісі жағдайында өзара іс-қимыл жасауды және көмек көрсетуді пысықтайтын болады.

Оқу-жаттығу жұмыстарының шарты бойынша, құтқарушылар альпинистік құралдарды қолдана отырып, үйлердің тұрғындарын эвакуациялайды, сонымен қатар "құтқару кубын" ашады. ТЖМ кинологтары ғимарат үйінділерінің арасынан жарақат алған азаматтарды іздеуі керек. Өрт сөндірушілер жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған өртті сөндіреді. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері медициналық госпиталь ашып, ТЖМ психологтарымен бірге зардап шеккен халыққа көмек көрсетеді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығу шеңберінде халықты уақытша қабылдау пунктері көрсетілетін болады. Азаматтық қорғау қызметтері тамақтану және тұру жағдайларын қамтамасыз ете отырып, азаматтарды қабылдау үшін шатырлы лагерь ұйымдастырады.

Химиялық қауіпті объектіде қатты әсер ететін улы заттың төгілуі жағдайында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіледі.

Оқу-жаттығу барысында инженерлік техниканы темір жол көлігімен құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу секторларына тиеу және жеткізу жүргізіледі.

3 маусымда:

- құрама пунктінің жұмысы (№ 3) - инженерлік техниканы тиеу (Делегатская к.,36) - көшірліген халықты орналастыру шатырлы лагерьде

4 маусымда:

- авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу (тұрғын үй) Сәтпаев даңғ. 68 - НЗМ ғимаратының артында (Самар тас жолы құрылыс ауданы)

Следующая →