Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алады

Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алады
Фото:
akorda.kz

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл күні сағат 10.00-де облыстық тарихи-өлкетану музейінде қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу үшін Ашық есік күні өтеді.

Келушілер музей экспозициясымен және өлке тарихының қайғылы беттеріне арналған "Тағдырды байланыстырған тәлкек" атты көрмесімен танысып, құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алмақ.

Бұл күні мектеп оқушылары мен студенттер үшін музей сабақтары, деректі фильмдер, шығыс қазақстандықтардың қайғылы тағдыры туралы бейнероликтер көрсетіліп, экскурсиялар өткізіледі.

Айта кетейік, жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сынды қайраткерлер мен ұлт зиялылары бар. Саяси құрбандар лагерьлерге жіберіліп отырды. Ал қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдері Ақмола облысында орналасқан "АЛЖИР" лагерінде азапталды.

1993 жылы "Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау" туралы заң қабылданған болатын. Соның нәтижесінде жазықсыз жала жабылғандар ақталды. Ақтау шаралары әлі де жалғасып келеді.

Следующая →