Әкесінің атынан несие алған қыз 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
ШҚО тұрғыны жасырын түрде әкесінің атынан қомақты несие ресімдеген
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
Өскемен қаласының тұрғыны полицияға алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Ер адам банктердің бірінен оның атына несие ресімделгені туралы хабарлаған. Банк қызметкерлері берешектің жалпы сомасы шамамен 800 000 теңгені құрағанын айтқан.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні анықтады, ол өтініш берушінің қызы болып шықты, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Бойжеткен әкесінің телефонын алып, оның атына тауарлық несие ресімдегені анықталды.
Тәртіп сақшылары алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостыдығын шектеу не бас бостандығынан айырылуы мүмкін.