ШҚО: Дефектологқа арналған интерактивті үстел құрастырылды
Заманауи құралдармен жабдықталған үстелді AMANZHOLOV UNIVERSITY ғалымдары құрастырды
Оның басты артықшылығы - қазақ тіліндегі авторлық логопедиялық әзірлемелер мен түзету әдістемелері бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Инновациялық үстел сөйлеуде қиындықтары бар, тілі кеш шыққан балаларға көмектесетін заманауи құралдармен жабдықталған.
Логопедтер мен дефектологтарға арналған Қазақстанда баламасы жоқ интерактивті үстелге сенсорлық моноблок, интерактивті панель, кәсіби логопедиялық айна, логопедиялық карточкалар мен әдістемелік материал кіреді. Дыбыстарды және қарапайым математикалық көріністерді автоматтандыруға арналған 100-ден астам тапсырма да бар. Сондай-ақ, оларды сөйлеу қабілеті нашар, психикалық дамуы тежелген немесе ақыл-есінде кінәраты бар балаларды түзету үшін қолдануға болады.
Бұл көпфункционалды жабдық фонетикалық қабылдау, визуалды және ауызша есте сақтау, ауызша-логикалық ойлау, дыбыстардың дұрыс айтылуы, екпін қою қиындықтарында көп пайдасын тигізеді. Бүгінгі таңда үстел мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, түзету балабақшаларында, оңалту орталықтарында, түзету кабинеттерінде сынақтан өткен, - дейді жоғары біліктілік санатындағы логопед-дефектолог, Психология және түзету педагогикасы кафедрасының сеньор-лекторы, дефектология магистрі Рауан Байчинов.
Айта кетейік, үстел интерактивті және практикалық әдістерді алмастырып отыруға мүмкіндік береді. Егер бала сенсорлық моноблокта үйренгісі келмесе, онда әдістемелік материалмен жұмыс істей алады.