ШҚО тұрғынынан "синтетиканың" ірі партиясы тәркіленді
Күдікті 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Одан тәркіленген 1 келіге жуық мефедрон 3200-ден адамның санасын улауға жеткілікті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпараты сүйеніп.
Күдіктінің пәтерінен полиция қызметкерлері таблеткалар мен ұнтақ заттар бар бірнеше целлофан пакеттерін тауып, тәркілеген. Барлығы 960 грамм мефедрон, 50 грамнан астам экстази, сондай-ақ "соль" деген атпен белгілі 70 грамнан астам "альфа-PvP" есірткі заты табылған, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Айта кетейік, мефедронның бұл мөлшері 3200-ден астам бір реттік дозаны өндіруге жеткілікті.
Есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.