Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +23°
$
477.62
+0.17
527.67
+0.57
¥
67.16
+0.09
5.25
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Самар ауылындағы "үлгілі үй" анықталды

Ауылдың Самарға 100 жыл көшесіндегі ауласы ең таза, ең әдемі үй иелері арнайы марапатқа ие болды

Усть-Каменогорск и ВКО / Самар ауылындағы "үлгілі үй" анықталды
Фото:
Таунар Қайрат

Самар ауылдық округі әкімдігі мен Мәдениет үйі ұйымдастырған "Үлгілі үй" байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Таза Қазақстан" акциясы аясында Самарға 100 жыл көшесінің белгілі бір бөлігіне "Үлгілі үй" байқауы жарияланған болатын.

Байқаудың талабы бойынша тұрғындар 13 сәуірден 11 мамыр аралығында өз аулаларының тазалығын қамтамасыз етуі тиіс. Ауланы, қоршаудың сыртқы жағын тазалау, қоқыстарды шығару, сынып жатқан қоршауларды жөндеп, қалпына келтіру және де ағаш, гүл егіп отырғызу, үйлерінің сыртын әктеу, терезелерін бояу жұмыстарын жүргізуі қажет болатын. Нәтижесінде арнайы комиссия жеңімпаздарды анықтап шықты.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша жалғасып жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына белсене ат салысып, ауылымыздың тазалығына, көркеюіне өз үлесін қосқан жандар аз емес. Адам – табиғаттың төл перзенті. Осы орайда тазалықты өз ауласынан, айналасынан бастап, көпке үлгі болып, байқауының жеңімпазы атанған отбасыларға  алғысымды айтамын! – дейді Самар ауылы Мәдениет үйінің директоры Дархан Рамазанұлы.

Байқаудың жеңімпаздары да дән риза. Айта кетейік, жарыс ауылда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Тазалық ең бірінші өзіміз үшін жасалатын жұмыс. Жылда ауламызды сәндеп, таза ұстауға тырысамыз. Себебі балаларымыз, немерелеріміз келеді. Шараның ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз, – дейді байқау жеңімпаздарының бірі.

Следующая →