ШҚО онкологтары терінің қатерлі ауруларын анықтау үшін тұрғындарды тегін қабылдайды
Дәрігерлер меланома мен терінің онкологиялық ауруларының алдын алу және ерте анықтау үшін азаматтарды тексерістен өтуге шақырады
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Орталық онкологтары 25 мамырда сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін қабылдау жүргізеді.
Бұл күні сіз терапевттің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала аласыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек, - деп мәлімдеді орталықтағылар.
Мекенжайы: Потанин к-сі, 6, 1-корпус, консультативтік-диагностикалық бөлімше (емхана). Барлық сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуға болады: +7(7232)48-91-51, +77780037845.