Өскемен
пасмурно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +31°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +31°
$
475.39
+2.82
513.37
+5.03
¥
65.39
+0.42
5.4
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Талдықорғаннан Өскеменге дейінгі тасжолдағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Биыл "Талдықорған – Қалбатау – Өскемен" автомобиль жолын толық пайдалануға беру жоспарланып отыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Талдықорғаннан Өскеменге дейінгі тасжолдағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?
Фото:
gov.kz

ҚР Көлік министрлігі, автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин мәлімдегендей қазір 768 шақырымға асфальт төселген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жобаның 16 учаскесіне асфальттың жоғарғы қабатын төсеу үшін 1 мыңнан астам маман мен 900-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Бірқатар учаскелерді пайдалануға беру жаздың басына межеленген.

Жолдың барлық ұзындығының бойында орналасқан көпірлер мен мал айдау өткелдерінің құрылысы бойынша да жұмыстар аяқталуда. Осы уақытқа дейін 40 көпір мен 6 өткел салынды, – деп хабарлады Төлеген Абдуллин. – Сондай-ақ аталған жобаның аясында бір көлік айрығы қарастырылған. Айта кетейік, аталған көлік айрығы 85%-ға дайын.

Жоба шеңберінде атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары күндіз-түні, яғни екі ауысыммен жүріп жатыр.

Следующая →