Өскемен
ясно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +22°
$
480.61
+1.23
534.53
+2.90
¥
67.76
+0.18
5.28
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оңтүстіктен ШҚО-ға синтетикалық есірткі жеткізетін адам ұсталды

ШҚО-да заңсыз айналымнан мефедронның 6000-нан астам дозасы тәркіленді

Усть-Каменогорск и ВКО / Оңтүстіктен ШҚО-ға синтетикалық есірткі жеткізетін адам ұсталды
Фото:
ШҚО ПД

ШҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері еліміздің оңтүстік өңірлерінен ШҚО-ға синтетикалық есірткі тасымалдайтын ірі арнаның жолын кесті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Тәртіп сақшылары "Өскемен-Алматы" автожолында Алматы облысының 26 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Тойота Ланд Крузер" автокөлігін тоқтатқан. Көлік құралын тінту барысында жедел уәкілдер ақ түсті ұнтақ заты бар 4 полимерлі пакетті тапты, сонымен қатар көліктің багажынан ұқсас заты бар тағы 15 орама табылып, тәркіленді, - деп хабарлады ШҚО ПД.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат "мефедрон" болып шықты, жалпы салмағы 1 кг 850 гр, бұл бір реттік 6000-нан астам дозаны құрайды.

Жауап алу барысында ер адам есірткіні Астана мен Павлодарда таратқанын айтқан.
Күдіктіге қатысты есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз сатып алғаны, сақтағаны, өткізгені үшін қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.

Ер адам мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Следующая →