ШҚО-да қай аудандарда сел жүруі мүмкін?
15 мамырдан бастап Шығыс Қазақстанда сел жүру қаупі жоғары кезең басталды
Өңірде Катонқарағай және Зайсан аудандарында, Риддер қаласында және Алтай ауданында орналасқан барлығы 13 сел қауіпті ошақтар бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
Жоғарыда аталған аудандардағы таулардың басында 11 елді мекенге қауіп төндіретін 144 мореналық көл қалыптасады. Мамандар жыл сайын қауіпсіздік мақсатында әлі мұз қатып жатқан сәттен бастап, мұз толық ерігенше тексеру жүргізеді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Облыста сырғыма қаупі бар 9 учаске бар. Бұлар негізінен автожолдардағы, өзен бассейндеріндегі таулардың жағалық беткейлері мен құлдилары: Риддер қаласы - Громотуха, Уба; Алтай ауданы - Бұқтырма, Хамир,Черновая; Катонқарағай ауданы -Бұқтырма; Зайсан ауданы - Кендірлік.
Сел және сырғыма қаупі бар кезеңнің қауіпсіз өтуіне әзірлік мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті "Қазселденқорғау" ММ-ның Шығыс Қазақстан аумақтық пайдалану басқармасы филиалымен бірлесіп, сел және сырғыма қаупі бар учаскелерде облыс халқы мен инфрақұрылымының қауіпсіздігі қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындады. Өзен арналары және сел, сырғыма қауіпті учаскелері бойынша жоспарлы жерүсті және аэровизуалды зерттеу кестесі әзірленді. Мореналық көлдерде батиметриялық жұмыстар жоспарланған. Сел қаупі бар учаскелерде 20 ескерту және тыйым салу қалқандары және сырғыма қауіпті учаскелерде 18 қалқан орнатылды.
Сел, сырғыма жағдайына мониторинг жүргізу үшін 9 маусымдық гидропост және 1 жыл бойғы гидропост жұмыс істейді.