Сурет байқауы: "Таза болса табиғат – аман болар адамзат"
ШҚО-да оқушылар арасында қоршаған ортаны қорғау тақырыбы аясында суреттер байқауы жарияланды
Экологтар күні қарсаңында облыс оқушылары арасында "Таза болса табиғат – аман болар адамзат" республикалық балалар суреттері конкурсы басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Конкурсқа барлық сынып оқушылары қатыса алады. Суреттер 26 мамырға дейін Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 12, 2-қабат, 213-кабинетте қабылданады.
Толығырақ ақпарат алу үшін жауапты орындаушыға 8-777-288-61-58 (WhatsApp) телефон нөмірі бойынша немесе жұмыс уақытында ШҚО бойынша экология департаментінің әлеуметтік желілеріндегі парақшасына хат жазуға болады.
1973 жылдан бастап БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (ЮНЕП) басшылығымен жыл сайын өткізілетін іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған адамдар планетаны қорғауға қатысатын ең үлкен жаһандық экологиялық платформаға айналды.
Мұндай форматтағы іс-шаралар өскелең ұрпақтың экологиялық санасын арттыруға, планетамыздың табиғи ресурстары мен биоәртүрлілігін сақтауға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге, сондай-ақ экологиялық іс-шараларға қатысуға қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды ШҚО Экология департаменті.