Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +22°
$
467.29
+2.01
501.03
+1.83
¥
64.34
+0.24
5.35
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде Отбасы күніне орай Аналар кеңесінің форумы өтті

Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлемде отбасы күні тойланады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде Отбасы күніне орай Аналар кеңесінің форумы өтті
Фото:
Устинка LIVE

Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысы ҚХА облыстық Аналар кеңесі форум өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Отбасы – мемлекеттің негізі. Дені сау, берік, тату, берекелі отбасы – салауатты қоғам мен мемлекет қауіпсіздігінің ең жоғары құндылығы және берік іргетасы.

15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған.

Бүгінгі отырыста Аналар кеңесінің мүшелері отбасындағы бақыт неден басталады, қазіргі қоғамдағы отбасы институтының рөлі, бала тәрбиесі сынды өзекті мәселелерді талқылады.

Аналар кеңесі отбасылық зорлық-зомбылықтың, жасөспірімдердің ерте жүктілігі және құқықбұзушылықтарының алдын алу мақсатында мектептерде, балалар үйлерінде және де жеке отбасыларда түрлі бағыттағы бірқатар маңызды шараларды өткізіп келеді. Рухани құндылықтарымыз болып саналатын салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуда Аналар кеңесі қашанда қалыс қалмайды. Аналар кеңесінің әр мүшесі ұйымның дамуына өзіндік үлес қосып, қажырлы еңбек етіп келеді. Олар отбасы құндылықтарын сақтау мақсатында көпбалалы, тұрмысы нашар, толық емес отбасыларға көмек қолын созып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Аналар кеңесі көпбалалы отбасылармен кездесу, қайырымдылық акциялары, жалғызбасты, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету сынды шаралар атқарады. Мәселен, сәуір айында ауданның ауылдарын аралап, көмекке мұқтаж 30 балаға керек-жарақтарын алып бердік. Бұндай шаралар ай сайын, тоқсан сайын өткізіледі, - дейді Глубокое ауданындағы Аналар кеңесінің төрайымы Роза Әділбаева.

Форум әрі қарай Отбасы күніне арналған "Әрбір отбасы бақытты болсын" атты мерекелік концертімен жалғасып, шараға қатысқан отбасылар марапатталмақ.

Следующая →