Глубокое ауданының тұрғындары Ертіс жағалауын тазартты
"Таза жағалау" жастар акциясына қатысушылар ақшалай сыйлықтарға ие болды
8 мамырда Глубокое кентінде "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында "Таза жағалау" жастар акциясы өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны ластамау мәселесін көтеру және тазалықты сақтауға қатысты кең аудиторияның назарын аудару. Акцияға үш команда қатысып, «Киргородок» шағын ауданына жақын орналасқан Ертіс өзенінің жағалауын тазартты.
Ең көп қоқыс жинаған жеңімпаз командалар ақшалай сыйлықтарға ие болды. Бірінші орынға – 80 000 теңге, екінші орынға – 60 000, үшінші орынға – 40 000 берілді. Барлық командалар алғыс хаттармен марапатталды.