Ахмер тұрғындары рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастаған
ШҚО Экология департаменті рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтау және жою бойынша рейдтер жүргізуде
Рейд нәтижесінде мамандар Өскемен қаласының шетіндегі Ахмер ауылынан қатты тұрмыстық қалдықтар үйілген 12 рұқсат етілмеген орын анықталған.
Экологтар қалалық әкімдікке рұқсат етілмеген қоқыс орындарын тазарту және қайта жиналуына жол бермеу үшін шара қабылдауды ескертті.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ӘҚ туралы кодексінің 344-бабының 2-бөлігінің талаптарына сәйкес рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастағаны үшін жеке тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.