ШҚО-да көшкін қаупі бар кезең аяқталды
Шығыс Қазақстан облысында қарашадан сәуірге дейін қар көшкіні қаупі жоғары
Облыс аумағында барлығы 497 көшкін ошағы тіркелген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
Оның ішінде 325 ошақ шаруашылық субъектілері мен адамдардың өміріне қауіп төндіреді. 93 км автожолдар қар көшкіні жүруі мүмкін аймақта орналасқан. Талдау жүргізе отырып, "Қазселденқорғау" мамандары ағымдағы жылы қардың жиналуы норманың 20%-ын құрағанын анықтады. Қаңтар-ақпан айларында қар мол түскен. Қысқы кезеңде 9 рет қар өздігінен көшкен.
Қар көшкініне мониторинг жасау үшін қауіпті 20 бағыт бойынша 160 қар өлшегіш таяқшалар орнатылған. Қауіпті табиғи құбылыстар мен ТЖ туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау тәулік бойы 5 диспетчерлік пунктіде жүргізілді. Қыс мезгілінің басынан бастап қар көшкінінің жалпы көлемі 230420 м3 болатын 101 профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді, - деп атап өтті" Қазселденқорғау" ШҚАПБ” филиалының басшысы Советбек Станбеков.