Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +13°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлан ауданындағы ауылдар арасынан ең таза ауыл анықталады

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Ұлан ауданында "Таза ауыл" байқауы жарияланған

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлан ауданындағы ауылдар арасынан ең таза ауыл анықталады
Фото:
Ұлан ауданы әкімдігінен

Ауданда 16 ауылдық округ және 45 елді мекен бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Байқауға барлық елді мекен белсенді қатысуда.

6 мамырға дейін созылатын байқау қорытындысы бойынша Ұлан ауданындағы ең үздік, ең таза ауыл анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Айта кету керек, байқау барысында өңірдегі арықтар мен каналдарды тазалау, абаттандыруға баса назар аударылады.

"Таза ауыл " байқауы – аудан, ауыл тұрғындарын тазалыққа шақыратын, туған өлкені жасыл желекке айналдырып, табиғатты аялауға және экологияның жақсаруына өз үлесін қосатын әлеуметтік маңызы бар ерекше жоба. Соңғы жылдары ауылдарда абаттандырылған аулалардың қатары көбейген. Бұл әрине жыл сайын өткізіліп келе жатқан осындай игі шаралардың нәтижесі. Мұндай байқаулар ауылдың тыныс-тіршілігін жандандырып, санитарлық тазалығын жақсартуға үлкен септігін тигізеді. Өйткені әрбір тұрғын тұрғылықты жерін, көшесін таза ұстаса, ауылдары гүлденіп, көркейе түспек. Қазір біз арнайы комиссия құрып, ауылдарды аралап тұрғындардың байқауға қатысу қарқының тексерудеміз, - дейді Жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Асқабылов.

Следующая →