Алтай ауданында су тасқыны жағдайы тұрақталды
Алтай ауданының Зубовск кентінде Бұқтырма өзені көтеріліп, су арнасынан асқан болатын
Фото:
Видеодан алынды
Тасқын су ауыл үйлеріне қауіп төндірген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тәулік бойы жүргізілген алдын алу жұмыстарының арқасында су басқан барлық тұрғын үй аумақтарынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Барлығы 370 қап төселіп, 1 335 тонна инертті материал төгілді, мотопомпалардың көмегімен 27 800 текше метр су сорылды. Жалпы, облыстың өзендеріндегі су деңгейі сыни белгіден аспайды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.