Наурыз мерекесіне дейінгі 9 күн өз атауына ие болды
Аймағымызда Наурыз мерекесіне орай 600-дей іс-шара өткізу жоспалданған
Фото:
odpublic.net
Науырз мейрамына орайластырылған мерекелік шаралар мерекеге 9 күн қалғанда басталды. Әр күннің өз тақыры мен ұраны бар, деп хабарлады облыс басшысының орынбасары Жақсылық Омар.
13 наурыз, бірінші күн «Ырыс күні» - ауылшаруашылық жәрмеңкесі мен мерекелік концерттер ұйымдастырылды.
Бүгін «Дәстүр күні» - қолөнер шеберлерінің көрмелері, шеберлік сыныптары мен өнер иелерімен кездесулер өтеді.
15 наурыз «Жаңғыру күні» - мектеп оқушыларының «Туған жерге тағзым» акциясының қатысушылары, ауылда еңбек ететін, тұрғын аймақтарының дамуына өзіндік үлесін қосып отырған шаруалармен кезеседі.
«Көктем шуағы» күні балалар байқаулары, жастардың флеш-мобтары және «Жауқазындар мерекесі» ұйымдастырылады.
17 наурыз «Қамқорлық күні» саналады. Бұл күні соғыс және тыл ардагерлерін құттықтап, балалар үйі мен әлеуметтік-медициналық мекемелер араланады.
«Жаңару күні» шығысқазақстандықтар сенбілікке шығып, көшелер мен аулаларды қалпына келтіреді.
19 наурыз «Жарасым күні» - оқу орындары, кітапханаларда мерекенің түпкі мән-мағынасын ашатын шығармалар байқауы ұйымдастырылады.
20 наурыз «Қуаныш күні». Орталық алаң, білім, денсаулық сақтау, мәдени мекелердің сырты безендіріліп, қолөнер көрмелері өтеді.
21 наурыз «Шаттық күні». Мәдени шаралар, ән, би, айтыс байқаулары, шығармашылық адамдарымен кездесулер ұйымдастырылады.
22 наурыз «Ұлыстың ұлы күні» - мерекелік концерт, ұлттық (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, теңге алу) ойындары мен үзік киіз үй байқауы өтеді. Жастар үшін «Алтыбақан», «Алқақотан», «Ақсерек-көксерек», «Айқыш-ұйқыш» ойындары ұйымдастырылады.