Бүгін Өскеменде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Осыған байланысты қалада автокөлік қозғалысы шектелуі мүмкін
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалдың дамуының түрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы бойынша шаралар қарастырылған.
Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарынан іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.