Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Солтүстіктегі тасқынмен күрескен шығысқазақстандық құтқарушылар оралды

СҚО-дағы су тасқыны кезінде Шығыс Қазақстаннан көмекке аттанған құқарушылардың бірі - Денис Лынов

Усть-Каменогорск и ВКО / Солтүстіктегі тасқынмен күрескен шығысқазақстандық құтқарушылар оралды
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен

Ол бір айға жуық уақыттан кейін үйіне оралды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ол әріптестерімен бірге адамдарды су басу аймағынан эвакуациялаған. Денис Лынов төтенше 21 күн тәулік бойы жұмыс істегендерін айтады.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, Денис Лынов төтенше жағдайлар жүйесінде 8 жылдан астам жұмыс істейді. Шығыс Қазақстандағы 2018 жылғы су тасқынының зардаптарын жоюға, адамдарды қар құрсауынан құтқаруға қатысты.

Жақында ол Солтүстік Қазақстан облысынан оралды.

Біз Амангелді ауданында жұмыс істедік. "Шерп" көлігімен тұрғындарды қауіпті аймақтан шығардық. Тәулік бойы режимде, кейде 1,5 м-ге дейін көтерілген суды қараңғыда еңсере отырып, 30-ға жуық азамат, олардың ішінде балалар мен ауыр науқастарды эвакуацияладық. Сондай-ақ, гуманитарлық жүкті жеткіздік. 21 күн тәулік бойы режимде қызмет атқардық және менің ойымша, біз алдымызға қойылған міндеттерді орындадық, - деді ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Денис Лынов.

Денис Лыновтың әріптестері оның кез келген кедергілер мен қашықтықты еңсере алатын кәсіби құтқарушы жүргізуші ғана емес, сонымен қатар тамаша механик екенін айтады.

Денис Лыновтың үлкен отбасы бар, әйелі екеуі екі ұл тәрбиелеп, бүгінде немере сүйіп отыр.

Следующая →