Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 400-ге жуық адамды кене шаққан

Облыстың эндемиялық аумақтарында кене шаққан 395 адам медициналық көмекке жүгінген

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 400-ге жуық адамды кене шаққан
Фото:
pexels.com

Оның ішінде 34,4%-ы 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО СЭБД ақпаратына сүйеніп.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, биыл кене шағудан зардап шеккен адамдар саны 181 жағдайға көбейген (2023 жылы – 214 жағдай), бұл көктемде күннің ерте жылынуына байланысты.

Аурудың алдын алу мақсатында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді кене шағудан зардап шеккен 97% адам алды, қалған 3%-ы (12 – адам) түрлі себептермен, яғни медициналық көмекке кеш жүгіну, өздігінен бас тарту, екпе егілгендіктен және эндемиялық аумаққа жатпайтын елді мекенде кене шағуына байланысты серопрофилактикамен қамтылмаған, - деді ШҚО СЭБД басшысы Қанат Тұрдиев.

Дегенмен облыс аумағында кене инфекцияларымен ауыру жағдайлары тіркелмеген.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша кене энцефалитінің табиғи ошағы – Глубокое, Зайсан, Алтай, Катонқарағай, Самар, Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының маңайлары екенін айта кеткен жөн.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыстың барлық кене энцефалитімен сырқаттанушылық бойынша эндемиялық аумақтарында эпидемиологиялық кезеңінде медициналық ұйымдар базасында (травм.пунктерде) кене шағудан зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсету үшін серопрофилактика пунктері құрылғаны туралы хабарлайды.

Өскемен қаласы бойынша:

  • ересек тұрғындар үшін - "№4 қалалық аурухана" ШЖҚ КМК, Серікбаев көшесі, 1/5.
  • балалар үшін - "Ана мен бала орталығы" ШЖҚ КМК, Қазбек би даңғылы, 11.

Следующая →