Күршім тұрғыны жүз келіден астам балықты заңсыз аулаған
ШҚО полицейлері заңсыз балық аулаған 35 жастағы ер адамды ұстады
Фото:
ШҚО ПД
Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері аудан орталығы Күршім ауылында "Нерест" ЖПІШ өткізу барысында Бұқтырма су қоймасының тыйым салынған аймағында балық аулаған 35 жастағы ауыл тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тексеру кезінде тәртіп сақшылары оқиға орнынан жалпы салмағы 115 кг шортан мен екі балық аулау торын тәркіледі.
Ер адамның заңсыз әрекеті салдарынан табиғатқа 800 000 теңгеден астам шығын келтірді.
Тақырыптар:
ШҚО ПД