Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да оқушылар арасында әскери-патриоттық жарыс өтті

"SHYGYS AIBYN-2024" облыстық әскери-патриоттық жастар жиынына әр өңірден он команда келді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да оқушылар арасында әскери-патриоттық жарыс өтті
Фото:
Устинка LIVE / В. Иванов

Жиын Кеңес Одағының Батыры, "Халық Қаһарманы", армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Айбын" әскери-патриоттық жиыны өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге, олардың болашақта Отан қорғауға әзірліктерін пысықтауға, жалпы, әскери саланың тәртібі мен жинақылығына бейімдеуге зор ық­палын тигізеді.

Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекетіміз мықты қорғаныс жүйесін қалыптастырды, армиямыз жарақтандырылды, әскери қызметшілердің жауынгерлік рухы көтеріліп, кәсіби шеберліктері шыңдалды. Бүгінгі күні армия еліміздің берік қалқаны, тәуелсіздігіміздің мызғымас тірегі. Осы мақсатта ҚР Қарулы күштерінің имиджін көтеру, әскери қызметті насихаттау үшін жастар арасында "Айбын" республикалық әскери патриоттық жастар жиыны өткізіліп келеді, - дейді ШҚО Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Сатыбалдиев. - Бұл ретте өскелең ұрпақты тәрбиелеудің қалыптасқан жүйесін жетілдіруге бағытталған "Біртұтас ұлт - біртұтас әскер" мемлекеттік бағдарламасы азаматтарды әскери патриоттыққа тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды іске асырудың индикаторы болып табылады. Еліміздің болашағы - жастарды жан жақты қолдап, әсери патриоттық тәрбиелеу ісін дамыту келешегімізге нық сенім береді.

Өскемен қаласының іргесіндегі Жаңа Ахмер ауылындағы № 27 943 әскери бөлімінде өткен облыстық әскери-патриоттық жастар жиынына облыстың қалалары мен аудандарынан он команда қатысты: Өскемен қаласынан "Намыс", Риддерден "Бүркіт", Зайсан ауданынан "Сардар", Алтай ауданынан "Сұңқар", Катонқарағай ауданынан "Қалқан", Глубокое ауданынан "Жас сарбаз", Тарбағатай ауданынан "Қыран", Самар ауданынан "Самар жастары", Ұлан ауданынан "Айбын", Шемонаиха ауданынан "Патриот" әскери-патриоттық клубтары.

Облыс бойынша 29 мектепте "Жас сарбаз" сыныптары ашылған, 264 әскери патриоттық клубтар бар, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек. - Облыс мектептерінде әскери-патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөлінеді. Оған байланысты көптеген шаралар да өткізіліп отырады. Мәселен, кеше ғана "Жас ұлан" әскери-патриоттық ойындары ұйымдастырылды. Одан өзге, "Зарница", "Алау" патриоттық ойындары өтіп тұрады. 

Бүгінгі турнирде "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубтарының мүшелері бақ сынады. Көзге түскен мықтылар арасынан шығыстың намысын Алматыда өтетін халықаралық турнирде қорғайтын команда жасақталады.

Жарыстарға 14-17 жас аралығындағы ұл-қыздар қатысады. Бұған дейін аудандық және қалалық іріктеулер өткен, бүгін облыстық іріктеу турнирі өтті. Маусым айында "Айбын" республикалық турнирі өтеді. Осы жерде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жастарды таңдап алып, облысымыздан команда дайындап жібереміз. Түрлі сайыстар өтеді, сол сайыстардың барлығы әскери-патриоттық тәрбие қалыптастыруға бағытталған және жастардың зияткерлік қабілеттерін анықтауға арналған "Айбын дарыны" сайысы өтеді, - дейді облыстық "Жастар ресурстық оралығының" директоры Айдос Әділбеков.

Оқушылар белтемірге тартылу, арқада жатып кеудені көтеру, әскерилендірілген кросс, арқан тарту, пневматикалық мылтық ату, АК-74-ті жартылай шашу мен жинау, жамылғы түріндегі жалпы әскери қорғаныс киімін кию сынды жарыс түрлерінен бақ сынады.

Бұрын бұндай сайыстарға қатысып көрмедім, бірінші рет бақ сынадым. Екі апта уақыттай дайындалдық. Автоматты шашып-құрау оң жамбасымнан келген сайыстардың бірі болды. Ең жақсы нәтижем - 26 секунд. Барлық сайыстар тартысты өтті. Жақсы әсер алдым, - дейді Риддерден келген "Бүркіт" командасының мүшесі Никита Бурнашов.

Жарыс қорытындысы бойынга 1-орын Алтай ауданының "Сұңқар" әскери-патриоттық клубына бұйырды, командаға 300 000 теңге ақшалай сертификатына ие болды.
2-орын Тарбағатай ауданының "Қыран" әскери-патриоттық клубының қанжығасында (200 000 теңгенің сертификаты.

Ұлан ауданының "Айбын" әскери-патриоттық клубы жүлделі 3-орынды алып, 100 000 теңгенің сертификатын иеленді.

Шығыс Қазақстан облысы "Айбын" республикалық турниріне белсенді қатысып келеді, - дейді ШҚО "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Дәурен Шоматов. - Бұл сайыстар былтыр Қарағанды қаласында халықаралық дәрежеде өтіп, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ресейден үш команда келген болатын. Бұған дейін облыс командасы 9-шы, 11-орындарды иеленген. Биыл жоспар бойынша турнир Алматыда өтеді, Қырғызтан, Тәжікстан, Ресей және Қытай командалары келмек.

Следующая →
Тақырыптар: SHYGYS AIBYN-2024