Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да аэровизуалдық мониторинг жүргізілуде

Орта таулы аумақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты облыста су тасқынының екінші толқыны басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да аэровизуалдық мониторинг жүргізілуде
Фото:
ШҚО ТЖД

Облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс аудандары ерекше бақылауда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.

Олар Риддер қаласы, Алтай, Самар, Марқакөл, Глубокое, Катонқарағай, Күршім және Шемонаиха аудандары.

Өңірдегі жағдайды қадағалау мақсатында Өскемен-Алтай-Катонқарағай бағыты бойынша облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, ШҚО ТЖД бастығы және басқа да мүдделі органдар кезекті рет ұшақпен бақылау жүргізді.

Барлау нәтижесінде Сарымсақты тауының оңтүстік бөктері таза екені анықталды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Комиссия Зубовск және Малеевск кенттеріндегі өзенде жүргізілген жағалауды нығайту жұмыстарын тексеріп шықты. Гидробекетте судың деңгейі өлшенді.

Барлық гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істейді. Бүгінгі таңда облыста қар жамылғы 44%-ды құрайды.

Жергілікті атқарушы органдар каналдарды, арықтарды және көпірлерді тазарту бойынша жоспарланған жұмыстарды толық көлемде жүргізді. Жағалауды нығайту және түбін тереңдету, бөгеттерді өсіру, қаптарды салу жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО-да облыстық жедел штаб жұмыс істейді, барлық қызметтердің жұмысы үйлестіріледі.

Следующая →