Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы балалар телеграм-бот арқылы көмек сұрай алады

Облыс прокуратурасы URPAQ ("Ұрпақ") жобасына бастамашы болды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы балалар телеграм-бот арқылы көмек сұрай алады
Фото:
pixabay.com

Телеграм-бот қылмыстың және жағымсыз салдардың алдын алу алаңы болмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Прокуратурасының ақпаратына сүйеніп.

Бүгінгі таңда мемлекет балалардың құқықтарын қорғау және балаларға қатысты заңсыз әрекеттер, соның ішінде, зорлық-зомбылық және буллинг үшін жауапкершілікті күшейту бойынша маңызды шараларды қабылдауда. Мұндай фактілердің алдын алу үшін прокуратура жаңа әдістерді қолданады.

Осыған байланысты облыс прокуратурасы URPAQ ("Ұрпақ") жобасына бастамашы болды.

"Telegram" мессенджеріндегі "vko_urpaq_bot" боты балаларға қатысты құқықбұзушылықтар туралы ақпаратты жинауға арналған автоматтандырылған жүйе. Бот әр түрлі форматтағы (фото, аудио, бейне, Word) келіп түскен хабарламаларды өңдеуге мүмкіндік береді. Кез келген адам мен бала шұғыл көмек сұрай алады немесе балаларға қауіп төндіретін ақпаратты (ашық люктер, жолдағы жағдай, қаңғыбас иттер және т.б.) жібере алады, - деп хабарлады ШҚО Прокуратурасы.

Хабарламаны анонимді түрде қалдыруға да болады.

Следующая →