Өскеменде "Ветеран Инвестор" саяжайларына барар жолға жарық тартылады
№53 автобус маршрутының соңғы аялдамасындағы саяжайға апарар жол жарықтандырылмақ
Ахмер мен Меновное ауылдарының арасындағы бұл бау-бақша бірлестігіне апаратын жолға былтыр асфальт төселген болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қала әкімімен кездесу кезінде саяжай тұрғындары жарық тартып беруді сұраған. "Ветеран Инвестор" саяжайлары "Черемушки", "Надежда", "Самоцветы" және "Рябинушка" бау-бақша серіктестігіне көршілес жатыр.
Өскемен-Семей тас жолынан "Ветеран Инвестор" бау-бақша бірлестігіне дейінгі №53 автобус маршрутының жолын жарықтандыру жұмыстары аяқталуға жақын. 39 жарықтандыру тіректері орнатылған, 25 сәуірге дейін шамдары орнатылмақ. Мердігердің айтуынша, қалған жабдықты орнатуға екі күн жеткілікті.