Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде әскери борышын өтеген 400 сарбаз үйіне қайтты

Өскемен гарнизонының №27943 әскери бөлімінде Отан алдындағы борыштарын өтеген 400-ден астам сарбаз жауынгерлік тумен қоштасып, үйге қайтар алдында соңғы рет сапқа тұрғызылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде әскери борышын өтеген 400 сарбаз үйіне қайтты
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Еліміздің әр өңірінен жиналған сарбаздар бір жыл бойы әскери мамандықты игеріп, жауынгерлік даярлықтан өтті, оқу-жаттығуларға қатысты, жорықтарға шықты, әртүрлі қару түрлерінен ату дағдыларын үйренді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Осыдан бір жыл бұрын әскери қызметке шақырылып, шығыс өңіріне Отан алдындағы борыштарын өтеуге келген сарбаздар запасқа шығарылып, үйлеріне қайтарылды. Бұл айтулы күні халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы әскери бөлімінің басшылығы жеке құрамды жауынгерлік тумен қоштасу үшін алаңда салтанатты сапқа тұрғызылды.

Жауынгерлік дәстүрге сәйкес сарбаздар сап алдына шығарылды. Қызметтік борышын өтеу кезінде ерекше көзге түскен үздік жауынгерлерге мақтау қағазы мен тілек жазылған естелік фото суреттері табысталды. Сонымен қатар, саптағы сарбаздардың ата-аналарының мекен-жайына бөлім басшылығы атынан алғыс хаттар жолданды.

Біздің сарбаздар нағыз өмір мектебінен өтті. Олардың әрқайсысы әскери ұжымның бір бөлшегіне айналды. Әрбір сарбаздың тағдыры біздің бөліммен байланысты болғандықтан, олар да әскери бөлім тарихының бір бөлігіне айналды. Ендігі кезекте үйлеріне қайтатын сарбаздарға мінсіз қызметтері үшін рахмет айтамын, барлық бастамаларыңа сәттілік тілеймін, – мотоатқыштар бөлімшесінің командирі кіші сержант Арман Сагындык.

Биылғы мерзімді әскери борышын өтеген сарбаздардың қатарында өз еркімен келісімшарт бойынша әскери қызметте қалғандар да бар.

Следующая →