Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Смартфондағы ХҚКО: мобильді қосымша маңызды құжаттарды рәсімдеуге ыңғайлы

Қосымшаның қызметі бірнеше сервистен тұрады

Усть-Каменогорск и ВКО / Смартфондағы ХҚКО: мобильді қосымша маңызды құжаттарды рәсімдеуге ыңғайлы
Фото:
"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ ШҚОФ баспасөз қызметінен

Клиент ХҚКО-ға кезекке тапсырыс беруге және QR-кодтың көмегімен талон ала алады, бұдан басқа ХҚКО-лардың жұмыс уақыты мен мекенжайларын біліп, қажетті байланыс ақпаратын таба алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы "ХҚКО" мобильді қосымшасының бейнеқоңырау арқылы мемлекеттік қызметтерді алу және маңызды құжаттарды рәсімдеу жолдарын айтып берді.

Жұмыс принципі қарапайым, қызмет алушы оператормен бейнеқоңырау арқылы байланысады, ал қажетті құжаттарды мессенджерлерде хат алмасу кезіндегідей жібереді. Қосымшаны пайдалану үшін Биометрия және мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірі арқылы кіру қажет. "ХҚКО" мобильді қосымшасын PlayMarket және AppStore дүкендерінен жүктеуге болады, - деді "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалы.

Айта кетейік, жыл басынан бері филиал 2759 қоңырау қабылдап, ЭЦҚ алуға 1952 өтінім растады.

Следующая →