Өскеменде жасөспірім көміртегі тотығымен уланған
Бүгін облыс орталығындағы ауруханаға кәмелетке толмаған бала түскен
Фото:
freepik.com
Ол пештен шыққан көміртегі тотығымен уланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
15 сәуірде Өскемен қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны медициналық мекемеге улы газбен улану белгілерімен түсті. Белгілі болғандай, жер үйдегі пешті жаққан уақытта үй ішіне улы газ жайылған. Пеште жарықтар мен саңылаулар болған, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
ШҚО ТЖД халықтан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Жарығы бар пеште от жақпай, мұржаларды уақтылы тазалауды ескертеді.