"Теректі – Ұрынхай – Төсқайың" трассасының 13 шақырымындағы жол ашылды
Марқакөл ауданында опырылған жол қалпына келтірілді
Жұма күні "Мраморное" асуы маңында топырақ көшкіні жүріп, облыстық маңызы бар жол опырылып түскен болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кеше облыс әкімі Ермек Көшербаев су тасқыны кезеңін әуеден бақылау барысында "Теректі – Ұрынхай – Төсқайың" трассасының 13 шақырымындағы жолды қайта келтіру жұмыстарымен танысты.
Естеріңізге салсақ, 12 сәуір күні "Мраморное" асуы маңында топырақ көшкіні жүріп, облыстық маңызы бар жол опырылып түскен. Азаматтардың қауіпсіздігі барысында аталмыш жол бөлігі жабылып, жедел қайта келтіру жұмыстары басталды. Бүгін аймақ басшысы жөндеу жұмыстарымен танысып, тиісті тапсырмалар берді. Сағат 16.00-де көлік қозғалысы жанданып, жол ашылды.
Қазірде облыс әкімінің тапсырмасымен, жол қызметінің арнайы мамандары топырақтағы ылғал көлемін есептеп, басқа аумақтарда осындай жағдай қайталабас үшін қадағалау жүргізуде, – деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.