Өскеменде сенбі күні ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Бұл жолы облыс орталығына Алтай ауданының шаруалары өз өнімдері алып келеді
Кезекті жәрмеңке 13 сәуір күні "ТНП" СҮ аумағында өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алтай ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен қатар, қала кәсіпкерлері де қатысады деп жоспарланған.
Қала тұрғындары тауарларды тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өздерінен нарықтық бағадан орташа есеппен 15% төмен бағамен сатып ала алады, - деп хабарлады Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімі. - Сонымен қатар, жәрмеңкеде "Өскемен кант" көтерме сауда кәсіпорнының делдалдарсыз бакалея өнімдері де сатылатын болады.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін жалғасады.