Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі қатты тұрмыстық қалдықтар операторына 6 млрд теңгедей айыппұл салынды

"Өскеменспецкоммунтранс" ЖШС бірнеше экологиялық заңнаманы бұзғаны анықталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі қатты тұрмыстық қалдықтар операторына 6 млрд теңгедей айыппұл салынды
Фото:
ШҚО Экология департаменті

Экология департаменті Шмелев Лог ауданында орналасқан полигон операторына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Мысалы, ҚТҚ полигонының аумағында пластик, макулатура, оның ішінде картон, полиэтилен, пайдаланылған шиналар сынды тыйым салынған заттарды да көміп келген. Сондай-ақ, жер асты суларына мониторинг жүргізу кезінде ластаушы заттардың асып кетуі анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 5 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 3 682 000 теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.

Сонымен қатар, тексеру барысында ҚТҚ полигонында қалдықтарды көму бойынша белгіленген лимиттен асып кету фактісі анықталды. Бұл факт ҚР Экологиялық кодексінің 41-бабы, 106-бабы 2-тармағын және ҚРӘҚ туралы кодексінің 328-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады, - деп хабарлады ШҚО Экология департаменті. - Осы бап бойынша қысқартылған өндіріс жоқ есептік әдіспен орындалатын эмиссиялардың асып кеткен көлемі үшін төлемақы ставкасының мың проценті мөлшерінде айыппұл көзделген.

Орындалған есеп қорытындысы бойынша айыппұл сомасы 5 924 356 317 теңгені құрады.

"Өскеменспецкоммунтранс" ЖШС айыппұл сомасына шағымдану жөнінде өтініш жолдады, экология департаменті іс материалдарын сотқа жолдады.

Сонымен қатар, тексеру қорытындысы бойынша ведомство ЖШС-ге қатысты экологиялық заңнаманы бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарым шығарды.

Следующая →