Өскемен жолдарындағы шұңқырларды уақытша бітеп қоймақ
Жауын-шашынға байланысты қала жолдарындағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары тоқтап тұр
Бүгін қала бойынша шұңқырларды фрейзматериалмен уақытша бітеу бойынша жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімі ақпаратына сүйеніп.
Жүргізушілерге ыңғайсыздық тудырмас үшін алдын ала дайындалған аймақтардағы шұңқырлар уақытша бітелетін болады.
Шұңқырларды бітеу – бұл жөндеу жұмысы емес, тек уақытша қабылданатын шара екенін ескертеміз, - деп мәлімдеді Өскемен қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолдарды күтіп ұстау және қалаішілік көлік қатынасын ұйымдастыру мәселелері бөліміндегілер. - Ауа райы қолайлы болған күні шұңқырларды жөндеу жұмыстары жалғасады. Фрейзматериалмен уақытша бітелген шұңқырлар жөнделеді.
Жұмыстар шамамен 12 сәуірден қайта жанданады.