Самар ауылындағы көпір жолын тасқын қиратты
Бүгін толассыз жауған жаңбыр салдарынан Лайлы өзеніндегі су деңгейі көтерілді
Тасқын Самар ауылындағы жаяу жүргіншілер көпірінің шетін жырып кетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жауын-шашын мен еріген судың мол түсуіне байланысты Лайлы өзендегі су деңгейі көтеріліп, Самар ауылындағы Горный және Поплавский көшелерінің бойында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінің шетін жырып кеткен болатын, - деп хабарлайды Самар ауданы әкімдігі.
Аудан әкімі Нұрлан Махамбетовтың тапсырмасы бойынша көпірдің шетіндегі жырылған жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Жаяу жүргіншілер көпірін қалпына келтіруге - 8 адам, 8 бірлік тиегіш техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта көпір толық қалпына келтірілді. Сондай-ақ, өзен жағалауын нығайту үшін инертті материалды жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үйлердің, ғимараттар мен құрылыстардың суға басу қаупі жоқ, - деп мәлімдеді әкімдіктегілер.