Шығыстан солтүстікке гуманитарлық көмек жіберіледі
Су тасқынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан халқы ассамблеясының штабы құрылды
4 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен Шығыс Қазақстанда "Жүректен жүрекке" акциясы басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгін гуманитарлық көмектің бірінші легі Солтүстік Қазақстан облысына жіберіледі.
Облыстық Достық үйі мен өңірлік волонтерлер фронт-офисінің базасында гуманитарлық көмек жинау орындары ашылды (М. Горький көшесі, 48, Н. Назарбаев даңғылы, 68).
Көмек көрсетуге жастар және волонтерлік ұйымдар, ҮЕҰ, этномәдени бірлестіктер, кәсіпкерлер, жоғары оқу орындары (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚУ, ҚАЕУ), облыс тұрғындары белсенді қатысты.
"Normal Nomad" ЖШС 5 тонна ұн бөлді. Күршім және Алтай аудандарының тұрғындары азық-түлік жеткізді.