Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Көктемгі су тасқыны: жұмыс жоспары әзірленіп, қажетті құралдар сақадай сай тұр

Өңір басшысы Ермек Көшербаев су тасқыны қаупі бар екі таулы ауданда болып, жағдаймен танысты

Усть-Каменогорск и ВКО / Көктемгі су тасқыны: жұмыс жоспары әзірленіп, қажетті құралдар сақадай сай тұр
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ауа райына, атап айтқанда нөсерлі жауын-шашынға байланысты Катонқарағай және Алтай аудандарындағы шағын өзендердің тасуы мүмкін. Қауіпті учаскелер анықталып, тәулік бойы бақылау жүргізілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Облыс әкімі атап өткендей, төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер тізбегі әзірленіп, барлық күштер мен ресурстар үйлестірілді. Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, орманылық, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бірлесе жұмыс істейді. Әркім өз учаскесін анықтап, үнемі бақылауда ұстау қажет. Инертті материалдар қоры, техника толықтай дайын. Үй жануарларына арналған эвакуациялық пункттер мен алаңдар дайындалды. Құтқарушылар мұздың барысын бақылап, кептелісті тез жоятын болады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Алтай ауданы Богатырево ауылында екі жеке үйге су кірген еді, бірақ зардап шеккендер мен жоқ. ТЖД қызметкерлері өзенде жарылыс жұмыстарын жүргізді, ағынды судың кедергісіз өтуі үшін шағын су айдындарының арналарын тереңдету жүргізілуде. Бұл өзендер үлкен алңдатушылық туғызады, өйткені гидрологтардың айтуынша, мұндай өзендер бірнеше сағат ішінде қауіпті белгіге дейін толтырылуы мүмкін.

Сондай-ақ, облыс әкімі Коробиха және Өрел ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, Катонқарағай ауданының көне көз ақсақалдарымен тілдесті. Олардың тәжірибесі жағдайды бағалауға айтарлықтай көмектесуі мүмкін. Орманшылық қызметкерлері де қолдау көрсетіп, жағдай туралы ақпаратты жедел түрде бақылаушы органдарға жібереді.


Следующая →