OSKEMEN STARS байқауының екінші кезеңі сәуірдің аяғында өтеді
Кез келген қала тұрғыны қатыса алатын байқау наурыз-шілде аралығында 5 кезеңнен тұрады
![Усть-Каменогорск и ВКО / OSKEMEN STARS байқауының екінші кезеңі сәуірдің аяғында өтеді Усть-Каменогорск и ВКО / OSKEMEN STARS байқауының екінші кезеңі сәуірдің аяғында өтеді](/upload/iblock/8ab/1w3xxz35fdem5d0u8qcgy5rqn3e1rfr7/imgonline_com_ua_Resize_ijiTAGsc4YGYM.jpg)
Байқаудың бірінші кезеңі 14 наурызда өткен болатын, екінші кезеңі 25 сәуірде өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE сайтының тілшісі.
Байқауға кәсіби музыкалық білімі жоқ, жасы 21-ден асқан қала тұрғындары қатыса алады. Өтінімдер 4 адамнан тұратын командалардан электрондық поштаға bigshowukg@gmail.com қабылданады. Қосымша ақпаратты +7 771 353 83 14 нөмірінен білуге болады.
Байқау қорытындысы 30 тамызда Қала күні аясында белгілі болады.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.