С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек жіберді
Университеттің ұжымы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап жөнелтті
![Усть-Каменогорск и ВКО / С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек жіберді Усть-Каменогорск и ВКО / С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек жіберді](/upload/iblock/6a4/kka2mopoh04plpd70te7k9ft2jammepf/imgonline_com_ua_Resize_5Wg1Nxijjg.jpg)
Ақтөбе облысына көмек қолын созуды студенттер де шет қалмады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Айта кеткен жөн, Ақтөбе облысындағы тасқын болған аймақта 1300-ден астам үй су астында қалып, 8 мыңға жуық мал шығыны тіркелді. 64 елді мекен көлік қатынасынсыз қалған.
Университет қызметкерлері тамақ өнімдерін, суды тазартуға арналған сүзгілерді, жеке гигиена құралдарын, тұрмыстық химияны, дәрі-дәрмектерді және жылы тұрмыстық керек-жарақтарды, көрпе-жастықтар жинаған, - деп хабарлады С. Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі.
Игі іске студенттер де атсалысып, гуманитарлық көмекті жинастырып, жөнелту жұмыстарына қолғабыс етті.