Өскемен
ясно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +16°
$
447.25
+2.46
485.18
+4.14
¥
61.77
+0.29
4.96
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚУ студенттерге ауызашар берді

Amanzholov University облыстық Халифа Алтай мешітімен бірлесе отырып, мың жарым адамға арналған ауызашар дастарханын жайды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚУ студенттерге ауызашар берді
Фото:
С. Аманжолов ат. ШҚУ

Жылда ораза ұстаған студенттердің басын қосып, ауызашар беру университеттің игі дәстүріне айналған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚУ ректоры Мұхтар Төлегеннің айтуынша, оның мақсаты – жастар бойындағы имандылық пен рухани байлықты тереңдету.

2018 жылдан бері Халифа Алтай мешітінің өкілдерімен бірге дәстүрлі түрде ауызашар ұйымдастырып келеміз. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Мол сауапқа кенеліңіздер! - деп тілек білдірді оқу орыны ректоры.

Мұндай ауқымды шараны ұйымдастыру үшін бес қазан дәмді ыстық ас – палау дайындалды. Сонымен қатар, қонақтарға ыстық бауырсақ, көкөніс салаттары мен тәтті тағамдар ұсынылды. Дастархан басында жас ақын Аян Қалымбек домбырамен әдемі арнау арнаса, студенттер жарапазан айтты.

Шығыстағы іргелі университет діни дәстүрге берік екені қуантады. ЖОО басшылығына, профессор-оқытушылар құрамына және Мұхтар Әділбекұлына жеке рахмет айтқым келеді. Ораза қабыл болсын! - деді Халифа Алтай мешітінің өкілі Берік Қадырұлы.

Қасиетті айда ораза ұстау – Құдай үшін жасаған киелі құлшылық. Мұсылмандар үшін қастерлі амал. Биыл Рамазан 30 күнге созылып, 9 сәуірде аяқталады. 10 сәуірде Ораза айт басталатынын айта кетейік.

Следующая →