Өскеменнің әскери қызметшілері ардагерге көмекке келді
Әскерилер Өскеменде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Анастасия Светочеваның үйінің ауласып тазартып берді
ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы подполковник Арман Кожамкуловтың ұйымдастыруымен Өскемен гарнизонына №27943 әскери бөлімінің сарбаздары мен ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері игі іске жұмылдырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Анастасия Павловна қазір 101 жаста. Кейуана 1941 жылы Ленинград тоқыма институтының жұмыс факультетін аяқтап, қолына диплом алған. Сол жылы соғыс басталып, Невадағы қаланы фашист басқыншыларынан қорғауға қалды. Қарулы қақатығыста қаза болғандарды жерлеу ісімен айналысты. Белсенді армияның байланыс батальонындағы қоршау серпілісінен кейін шайқаса отырып, Берлинге дейін жетті. Анастасия Павловна "Ленинградты қорғағаны үшін", "Кенигсбергті алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін" және I дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" орденімен марапатталған.
Қазыналы қария өзіне көмекке келген азаматтарға алғысын білдірді.
Үй шаруасын да жүргізу қиын. Әсіресе, қыс мезгілінде. Отын мен су тасып, қар тазалауға шамам жетпейді. Әскери бөлім сарбаздары келіп, көмек қолын созып жатыр. Маңайдағы қоқысты тазалап, көмір мен отын кіргізіп кетті. Алғысым шексіз, - деді Анастасия Павловна.
Әскери қызметшілер жалғызбасты қарттарға қолғабыс етіп, үлкендердің батасын алуды зор мәртебе көреді.
Ардақты ардагердің үйінің аула маңын қыстан кейінгі қоқыстан тазарттық. Көмір мен отынын үй ішіне кіргізіп бердік. Жалпы біз, әскери қызметшілер, жалғызбасты қариялармызыға, ардагерлерімізге үнемі көмек қолын созып, осындай шараларды ұйымдастырып тұрамыз. Әрдайым жақсылық жасап жарысып жүрейік, - деді ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті тәрбин және идеологиялық жұмыстар басқармасының ардагерлермен жұмыс қызметінің бастығы майор Асет Адамбеав.