Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде мұғалім жалақысын көтеру үшін жалған сертификат жасатқан

Осы әрекеті үшін сот оған 73 мың теңге айыппұл тағайындады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде мұғалім жалақысын көтеру үшін жалған сертификат жасатқан
Фото:
pixabay.com

Орта мектеп мұғалімі сертификатты 310 мың теңгеге жасатқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Орта мектеп мұғалімі жалақысын көтеру мақсатында,2023 жылдың сәуір айында біреудің көмегімен 310 000 теңгеге "педагог-модератор" квалификациялық санатын өткені туралы сертификатты, яғни жалған құжатты дайындатқызып, көрінеу мектеп директорының орынбасарына ұсынған, - деп хабарлады Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Ұстаздың бұл әрекеті үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған. Ол кінәсін мойындап, өкініш білдірген. Оның үстіне бұрын сотталмағаны ескеріліп, сот 73 840 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Следующая →